Атырау, 25 желтоқсан 11:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Артық жолаушы қауіпті

3 237 просмотра

8 маусым мен 7 шілде аралығында жол полициясы басқармасы көші-қон және криминалдық полиция қызметімен бірігіп, «Автобус» айлығын өткізуде.

Қала шетіндегі трассаларға ерекше көңіл аударылды. Бұл жерде Өзбекстаннан Ресейге жұмыс күшін тасымалдайтын транзиттік тасымалдаушыларда жолаушылар көбінесе нормадан артық болады. Жол полицейлері хаттамалар толтырып, артық жолаушыларды түсіріп тастайды, бірақ бұл жүргізушілерге кешікпей оларды қайтадан жолай алып кетуге кедергі емес. Кейбір транзиттік жолаушылар былай жасайды: қаладан 15 километр жерде таксиге отырып, Атыраудан асқан соң, қайтадан автобусқа отырады.

- Рейдтердің басты мақсаты – Астана – Қарағанды трассасында 16 адам қаза болған мамырдағы трагедияның қайталануына жол бермеу, - дейді ЖПБ техникалық жол қадағалау бөлімінің бастығы Мұхтар АЗИМОВ (суретте).

Айлық басталғаннан бері автобус жүргізушілері жіберген 186 ереже бұзушылық тіркелді. Негізінен бұлар артық жүк тиеу, тұрақтау ережесін бұзу (автобустар салонға жолаушыларды лық тиеп, аялдамаларда ұзақ тұрады), қатарлықты бұзу (бір жолақтан екіншісіне дұрыс ауыспау), сондай-ақ, жолаушыларды мінгізу мен түсіру ережесінің бұзылуы (мұны аялдамаларда емес, жолаушылар өтінген жерде жүзеге асырады).

Зульфия ИСКАЛИЕВА

28 маусым 2012, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.