Атырау, 30 қараша 06:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​Халықтың қалтасы көтереді: көрші елде әншілердің гонорарына шектеу қойылды

1 776 просмотра


Өзбекстанда халықтың мүмкіндігіне байланысты әншілердің тойларда алатын ақшасының мөлшері бекітілді. "Өзбекконцерт" мемлекеттік мекемесі үйлену тойы, мерейтой және басқа да мейрамдарда жұлдыздардың алатын ақшасының мөлшерін бекітті. 

Гонорардың құны 700 мың сумнан (90 доллар шамасында) 1,5 миллион сумға (190 доллар) дейінгі мөлшерде бекітіліп отыр, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан. 

"Өзбекконцерт" мемлекеттік мекемесінде атап өткендей, тарифті белгілеген кезде халықтың мүмкіндігі ескерілген. Әншілердің тізімі кеңейтіліп отырмақ. Әзірге жаңашылдық тек Ташкентте енгізілген, бірақ бір айдың ішінде Өзбекстанның барлық қаласы мен өңірінде әншілердің тізімі мен олардың қызметінің құны белгілі болады. 

Бұған дейін көрші елдің депутаттары ұлттық дәстүр, өңірлердің ерекшелігін ескере отырып, ас та төк тойларға тыйым салмауды шешкені хабарланған еді. 

Дереккөз: sputniknews.kz

8 шілде 2018, 17:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.