Ислам революциясының сақшылар корпусы (ИРСК) өзге мемлекеттерге мұнайды жеткізу үшін Ормуз бұғазын жауып тастаймын деп қорқытып отыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
«Егер Иран мұнайының экспорты шектелетін болса онда біз өзге мемлекеттерге Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалдауларына жол бермейміз», - деп мәлімдеді «Саралла» ИРСК штабы бастығының орынбасары Исмаил Коусари.
Сонымен қатар, ол аталған учаске арқылы әлем бойынша экспортталатын мұнайдың 20% тасымалданатынын атап өтті.
Бұған дейін, АҚШ мемдепартаментінің жоғары уәкілетті өкілі журналистерге Вашингтон одақтастарын Ираннан мұнай сатып алуды қараша айының басына қарай тоқтатуға үгіттейтінін айтқан болатын.
Оның айтуынша, мұндай талқылаулар өзге елдермен, тіпті Қытаймен де жүргізілуде.
Өткен сейсенбіде, Иран президенті Хасан Роухани АҚШ-тың иран мұнай экспортын тоқтауға бағытталған шаралары жүзеге аспайды, деп мәлімдеген болатын.
Дереккөз: Baq.kz