Атырау, 25 желтоқсан 11:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Жол бойындағы тексеру

1 938 просмотра

26 маусымда ел жолдарында «Қауіпсіздік апталығы» басталды.

Атырау облысындағы жол полициясының жеке құрамы басқа аймақтардағыдай, қызметті күшейту режиміне ауыстырылып, жол бойына инженерлік қызмет пен аппарат өкілдері шығады. Бұған учаскелік полиция инспекторлары мен көші-қон қызметі жұмылдырылды.

Жолдағы бақылауды күшейтуге жол-көлік оқиғаларының көбейіп кеткендігі түрткі болып отыр. Жыл басынан бері Қазақстанда 4 522 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 844 адам қаза болып, 5 543 адам зақым алған. Атырау облысында да жағдай қиын, жол-көлік оқиғасында қаза болғандар саны өткен жылмен салыстырғанда екі еседей, жараланғандар саны бес есе көбейген. Бұған жылдамдықты арттыру, жол қиылыстарынан өту ережелерін бұзу, сондай-ақ, жаяу жүргіншілердің өздерінің ереже бұзушылықтары негізгі себеп болып отыр.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

28 маусым 2012, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.