Атырау, 1 мамыр 17:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16

Польшада әскери жойғыш ұшақ құлады

2 367 рет қаралды


Палсенк елді мекенінің маңындағы Варминско-Мазурск воеводасында Польша ӘӘК-нің МиГ-29 жойғыш ұшағы құлады, - деп хабарлайды Sputnik Беларусь Польшаның қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиғаның түнгі екіде болғаны хабарланып отыр, ұшақ жоспарлы ұшып-қону операциясын жүргізу барысында белгісіз себептермен басқаруды игере алмай, құлаған да өртенген. "33 жастағы пилот Сакув елді мекенінде катапульталанған, бірақ аман қала алмаған", - делінген қорғаныс министрлігінің хабарламасында.  

Ведомство өкілдері пилоттың 800 сағаттай ұшу өтілі болғанын, оның 500-ін МиГ-29-бен ұшқанын айтты. Марқұмның туыстарына қайғылы оқиға жайлы естірткен. Апаттың мән-жайы анықталып жатыр.

Дереккөз: tengrinews.kz

6 шілде 2018, 16:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.