Қазақстандық екінші деңгейлі 7 банк жаңа «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы бойынша бағдарлама операторы - ҚР Ұлттық Банкінің 100% еншілесі «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ-мен келісімге қол қойды. Бұл туралы Ұлттық банк Атырау филиалы директорының орынбасары Серік ОМАРОВ брифингте мәлімдеді.
«7-20-25» бағдарламасы ағымдағы жылдың 1 шілдесінде басталды, оның негізгі параметрлері - бастапқы жарнасы 20% болатын 25 жылға жылдық 7% мөлшеріндегі ипотекалық несие. Астана, Алматы, Атырау және Ақтау қалалары үшін несиелердің ең жоғарғы сомасы - 25 млн теңгені, басқа өңірлер бойынша - 15 млн теңге. Екінші деңгейлі банктер өз қаражаты есебінен халыққа ипотекалық несие береді, оны кейін бағалы қағаздар нарығында облигацияларды орналастыру есебімен «Баспана» ипотекалық ұйымы» сатып алады.
- Несиелер ұлттық валюта теңгемен беріледі. Бағдарламаға қатысудың міндетті шарттары - ҚР азаматтығы, баспанасының жоқтығы, тұрақты табыс, басқа ипотекалық несиелердің жоқтығы. Азаматтардың жекелеген санаттары үшін ешқандай жеңілдіктер қарастырылмаған, - деді Омаров. - Бүгінгі күні «Баспана» АҚ екінші деңгейлі 7 банкпен келісім жасаған. Олар ЦентрКредит, Халық, Еуразия, Цесна, АТФ, РБК және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі. 2018 жылдың соңына дейін «Сбербанк» АҚ ЕБ пен Форте Банк қосылуға дайын.
«7-20-25» бағдарламасына енді ғана салынған бастапқы тұрғын үй қатысады. Егер жаңа болса, жеке үй болуы да мүмкін. Несиені мерзімінен бұрын өтеуге болады, бұл жағдайда айыппұл салынбайды.
25 жыл несие мерзімінде ай сайынғы төлем бойынша алдын ала есептеулер:
«Баспана» АҚ baspana72025.kz сайтын іске қосты, ол жерден бүкіл қажетті ақпаратты алуға болады, тәулік бойына 7 (727) 227 20 25 тегін нөмірі бойынша call-орталығы жұмыс істейді. Сондай-ақ, PlayMarket және AppStore үшін арнайы мобильді қосымшаны әзірленуде.
4 шілдеде Қазақстанда «7-20-25» бағдарламасы бойынша 7 адам несие рәсімдеді.
Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА