Атырау, 16 желтоқсан 15:02
 ашықВ Атырау -8
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

«Атырау» футбол клубында - жаңа бас бапкер

2 198 рет қаралды

Фото: Sports.kz
4 шілдеде 55 жастағы Виктор КУМЫКОВ «Атырау» футбол клубының бас бапкері лауазымына тағайындалды. Кезінде одақтың 2-лигасында ойнаған, кейінірек қазақстандық және өзбекстандық командаларды жаттықтырған, екі рет (2011, 2012 жж.) қарағандылық «Шахтер» командасын ҚР чемпионы қылған Кабардин-Балқария тумасы осы командамен Еуропа лигасының топтық кезеңіне шыққан еді.

«Атырау» футбол клубының баспасөз қызметі бапкерлер Олег КОРНИЕНКО мен Роман УЗДЕНОВ оның көмекшілері болатынын хабарлады.

Естеріңізге салсақ, 2 шілдеде Андриан СОСНОВСКИЙ басқаратын клуб басшылығы мен жаттықтырушылар штабы аутсайдер петропавлдық «Қызылжар СК»-мен нөлге нөл тең ойыннан кейін өз лауазымдарынан кеткен болатын.

Фархат ӘБІЛОВ

5 шілде 2018, 17:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.