Атырау, 26 қараша 01:30
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Аудандарда да тұрақсыздық

2 261 просмотра


Соңғы күндері электрмен қамтудағы тұрақсыздық тек мұнайлы астанада ғана емес,  Атырау облысының аудандарында, мысалы, Индер, Қызылқоға, Махамбет аудандарында да орын алды.  

Асқар ҮМІТҚАЛИЕВ, «Атырау Жарық» АҚ Индер ауданындағы филиал басшысы:

- Электр қуатын беру тұрақсыздығын қалпына келтіру біздің қолымызда емес, Атыраудан өздері өшіреді. Ыстықтың әсерінен электр қуатын тұтыну артып отыр. Аптап ыстық басылып, тұтыну азаяды деп күтіп, шыдаудан басқа амал жоқ.   

Серік АРЫСТАН, Индер ауданы әкімі:

- Бұл тек біздің аудандағы жағдай емес қой. Күннің ыстығын көріп отырсыздар.

Құрманғазы ауданы әкімі Бибоз ШАЯХМЕТОВ аудандағы электр жүйесі Ресейге қосылғандықтан жарықтан қиындық көрмегенін айтты.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

5 шілде 2018, 16:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.