Атырау, 30 қараша 06:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​Еуропарламент жаңа визасыз ереже енгізуді қолға алды

2 065 просмотра


Еуропа парламентінің депутаттары визасыз саяхаттың жаңа заңдарын қамтитын жаңа ережелер қарастырмақ. Бұл туралы «bbc.com» хабарлайды.

Аталған жаңа ережелерге сәйкес, визасыз саяхаттау құқығын алған саяхатшылар Еуроодақ территориясына келмей тұрып, саяхат туралы ақпарат және тіркелу жүйесін (ETIAS) пайдалана отырып, тексеруден өте алады. 

Бұл бастама 2021 жылдан бастап күшіне енуі мүмкін, деп хабарлайды bbc.com. Еуропа парламентінің Мажарстан депутаты Кинга Галь бұл заң тұрақты саяхаттаушылар үшін өте қолайлы болатынын мәлімдеді. 

«Бұл өте қарапайым процесс болмақ... Онлайн-тексеріс Еуроодақ территориясына жетпей тұрып жүзеге асырылып қояды», - деді ол.

«Визасыз елдер» азаматтары саяхаттамас бұрын электронды формасын толтырады. Өтініш сұрақтарының арасында өткен уақыттардағы қылмыстық істерге қатысты сұрақтары болады. 

Бұл билік өкілдеріне саяхаттанушы азаматтың ЕО сапарынан қандай да бір қауіп бар ма, жоқ па деген мәселені жеңілдетеді. Жобаға сәйкес, тіркелу 7 еуро көлемінде болады, ал рұқсат үш жыл мерзімге беріледі. 

Дереккөз: “The Qazaq Times

5 шілде 2018, 16:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.