Иранда әлеуметтік желілерге тыйым салынды. Фото: TechRasa. Иран прокуратурасы елдегі ең көп қолданылатын Инстаграм әлеуметтік желісіне тыйым салды. Бұл туралы бас прокурор Мұхаммед Мусаддық ресми мәлімдеме жасады.
Ол мәлімдемесінде: «Елдегі өнер қайраткерлерінің Инстаграм арқылы мұқтаж жандарға көмектесу шаралары, олардан жиналған қаражаттар теріс мақсаттарға пайдалануға жол ашуы осы шешімге себеп болды», – деген.
Мусаддықтың мәлімдемесінде, бұл шешімнің нақты қай уақыттан басталып жүзеге асырылатыны анық айтылмаған. Бұған дейін Иранда Facebook, Twitter желілеріне шектеу қойылған.
Ал, былтыр желтоқсан айындағы наразылық шараларынан кейін Телеграм әлеуметтік желісіне де үкімет жағынан тыйым салынған. Мәліметтерге қарағанда, ИИР-дағы желі қолданушылардың 55 пайызы Телеграмды, 23 пайызы Инстаграм желісін қолданады.
Дереккөз: “The Qazaq Times”