Жапонияның оңтүстік-батыс бөлігіндегі ауданда нөсерлі жауын салдарынан бір адам қаза тауып, жиырма адам зардап шекті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru сайтына сілтеме жасап.
Ибараки қаласындағы 21 мың адамға қоныстарын ауыстыруға кеңес берілген.
Толассыз жауған жаңбыр салдарынан билік осындай шешімге келіп отыр.
Сондай-ақ, Кобе қаласындағы 100 мыңнан астам тұрғынға да жауыннан зардап шекпес үшін басқа қалаға көшу ұсынылған.
Бұған дейін Жапонияның оңтүстік-батыс бөлігіндегі аудандарда толассыз жауын салдарынан 1 адам қаза тауып, 20 адам зардап шеккені жазылған болатын.
Дереккөз: Baq.kz