Италия билігі Еуропаға ағылған заңсыз мигранттармен күрес жүргізу үшін Ливияға 12 кеме береді. Атап айтқанда, жағалау қызметінің 10 катері мен қаржы ұланының 2 кемесі.
Сондай-ақ қызметкерлерге кемені қалай қолдану керектігі үйретіледі. Италияның министрлер кеңесі осындай шешім қабылдады. Ресми дерекке сүйенсек, бұл бағдарлама 2,5 миллион еуро тұрады.
Айта кетейік, Еуропа ІІ Дүниежүзілік соғыс кезінен бергі ең ауыр көші-қон дағдарысын бастан кешіп отыр. Бұған Африка мен Таяу Шығыстағы қарулы қақтығыстар мен экономикалық мәселелер себеп.
Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның мәліметі бойынша, биылғы жылдың қаңтар және маусым айлары аралығында Еуроодаққа теңіз арқылы заңсыз қоныс аударған мигранттардың саны 40 мыңды құрайды. Жерорта теңізінде осы уақыт ішінде мыңға жуық адам қаза тапқан.
Дереккөз: 24.kz