Францияның Нант қаласында полицейлер бір адамды атып өлтірген соң жаппай тәртіпсіздіктер басталды. Тәртіп сақшыларының әрекетіне ашуланған тұрғындар көліктерді аударып, сауда орталығына өрт қойған.
Жапа шеккендер туралы әзірге мәлімет жоқ.
Даудың басы полицияның көліктегі жүргізушіден тұраққа тұратын түбіртекті талап етуден басталған. Алайда 22 жастағы жас жігіт құжаттарын көрсетуден бас тартып, тәртіп сақшыларынан қашуға талпынған.
Осыдан кейін полицейлердің бірі еш ескертусіз көлікті атқылап, жүргізушіні жаралаған. Жас жігіт алған жарақатынан 2 сағаттан кейін көз жұмды.
Жергілікті билік оқиғаны жан-жақты тергеуге уәде берді. Бірақ Нант қаласы прокуратурасының мәлімдеуінше, марқұм бұған дейін ұрлықпен айналысып, іздеуде болған.
Дереккөз: 24.kz