Атырау, 25 сәуір 18:56
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

«Тоқаев мақаласының атауы фюрер жайлы фильмді еске салды», «Фантастикалы статистика. Қырымда қанша турист демалған?», «Трамп үкіметі Шынжаңның қазіргі басшысына санкция салуы мүмкін», «Global Silk Road. ХХІ ғасырдың Жібек жолында Астананың рөлі қандай?».

1 720 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Тоқаев мақаласының атауы фюрер жайлы фильмді еске салды» - Қазақстан парламенті сенатының спикері – ресми түрде мемлекеттегі екінші тұлға – Қасым-Жомарт Тоқаевтың авторлығымен жазылған мақала атауын оқырмандар нацистік Германияда Адольф Гитлердің "тапсырысымен" түсірілген белгілі фильмге ұқсатты. Мақала Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнінде атап өтілетін Астана күні қарсаңында республикалық газетке шықты. Тоқаев сәл алдын «жігер жеңісі» туралы айтқанда оны көп ешкім байқамаған еді.

«Фантастикалы статистика. Қырымда қанша турист демалған?» - Қырым билігінің есебінше, 2018 жылы Украинаның құрлықтық бөлігінде бір миллиондай адам демалады. Бірақ бұл статистикамен келіспейтіндер де бар.

INFORMBURO.KZ. «Global Silk Road. ХХІ ғасырдың Жібек жолында Астананың рөлі қандай?» - Астанада бірінші рет ұйымдастырылған Global Silk Road форумында қала тұрғындарының өмірін жақсартуға қатысты бірталай жоба таныстырылды.

QAZAQTIMES.COM. «Трамп үкіметі Шынжаңның қазіргі басшысына санкция салуы мүмкін» - Қытайдағы діни сенім бостандығының ауыр жағдайда қалғанына байланысты, АҚШ-тың діни бостандық жөніндегі өкілі Сэм Браунбак Трамп үкіметін Қытай билігіне қысым түсіруге шақырған. Ол және Қытай Коммунистік партиясы Саяси бюросының мүшесі Шынжаң партия комитетінің хатшысы Чын Чуангоны санкция тізіміне енгізуді бірінші кезекте талап еткен.

EGEMEN.KZ. «Отандық спортқа олжа салған оғлан еді...» - Таэквондо – ғажайып спорт. КСРО империясының әсі­ре сақтық жасап, капиталистік дүние игіліктеріне көз жұмып қарайтын тұмшаулы кезеңі еді. Корей халқының ұлы өнерінің жұрнақтарын жасырын бейнетаспалардан көрдік. Қос аяқты қайшылай қимылдатып, қарсыластың әптер-тәптерін шығаратын, кескен теректей сұлататын спортқа іштей ынтығып жүргенде елге Алманиядан Мұстафа Өзтүрік келді.

TODAY.KZ. «Астанада "Қазпоштаның" жаңа кеңсесі ашылды: бұндай елімізде бұрын-соңды болмаған» - Астанада "Қазпоштаның" роботизацияланған жаңа кеңсесі ашылды. Кеңседен көрінген жаңа технологияларды Today.kz тілшісі де тамашалап қайтты.


5 шілде 2018, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.