Бүгін сағат 21:42-де ТЖД пультіне «Ақ Жайық» қонақ үйінің өртеніп жатқаны туралы дабыл түсті.
- Біз қонақ үй жанынан өтіп бара жатқан едік, азғана түтінді көрдік. Ол бір сәтте будақтаған қою қара түтінге айналды. Дереу өрт сөндірушілермен бірге полиция қызметкерлері келді, бәрін таратып, ешкімді өткізбеді, - дейді куәгерлер.
Шамамен қонақ үйдің артқы жағындағы паб орналасқан орынжай өртеніп жатыр.
Кейінірек қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі баспасөз хабарламасын таратты:
«04.07.2018 ж. сағат 21:40-та кезекші ТЖД-нен «Ақ Жайық» қонақ үйінің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Басталған кезде өрт алаңы шамамен 200 шаршы метрді құрады.
Өртену ошағы алдын-ала мәлімет бойынша қонақ үйдің 1-қабатында орналасқан кафе. Қазіргі кезде өрт сөндіруге 40 қызметкер мен 8 арнайы техника жұмылдырылды. Алдын-ала мәлімет бойынша, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ".
Анастасия Алюшина
Суреттерді және бейнежазбаны түсірген автор