Атырау, 18 сәуір 16:03
 ашықВ Атырау +21
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Оқиғалар тізбегі

2 491 просмотра


25 маусымда Атырауда жағажайдан тыс жерде шомылып жүрген 23 жастағы жігіт Жайыққа батып кетті. Денесі бір сағаттан кейін судан шығарылды. Ал 1 шілдеде жағажайдан тыс жерде шомылып жүріп 42 жастағы қала тұрғыны өзенге батып кетті. Денесі 3 шілдеде табылып, судан шығарылды.

***

29 маусымда кешкісін Мақат ауданында Атырау-Досор жолында MitsubishiRosa маркасындағы көлік өртеніп кетті. Келесі күні Индер-Атырау жолында NissanTerrano өртеніп кетті, ал 1 шілдеде Атырауда «Тамаша» сауда-ойын сауық орталығының жанында «Лада Калина» лаулап жана бастады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

***

«Допинг» шарасы барысында атыраулық полицейлер 4 емдеу мекемесі мен 13 дәріхананы тексерді. Атырау облыстық ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева хабарлағандай, 6 дәріханада құрамында есірткілік заты бар препараттар рецептсіз сатылған. Бұдан басқа, №1 емханада ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 464-бабына («Лицензиялау нормаларын бұзу») сай келетін заң бұзушылықтар анықталды. Барлық осы фактілер бойынша әкімшілік іс қозғалды. 

5 шілде 2018, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.