Атырау, 9 мамыр 06:35
 ашықВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Итальяндықтар жеңіске жетті

2 237 просмотра

Өткен жексенбіде біздің жаңа ағылшын тілді West Kazakhstan Today қосымшасының қызметкері Денис АККУШИМОВ еуропалық жанкүйерлермен бірге ойынға деген құмарлық пен толқынысты сезіну үшін ЕВРО-2012 соңғы ширек финалы (Англия - Италия) тікелей көрсетіліп жатқан Атыраудағы бірнеше орындарда болып қайтты. Атырауда итальяндық және британдық экспаттар тобы жеткілікті екені белгілі.

Айта кету керек, өз командаларын қолдаған итальяндықтардың басым көпшілігі Атырау пабтары мен кафелеріндегі барлық бос орындарды иеленіп, теледидарға жақын орналасыпты. KCOI (Казахстан Каспиан Оффшор Индастриз) компаниясының қызметкері ДЖОРДЖИО Гандиниден былай деп сұрадым:

- Ойынды қалай бағалайсыз?

- Өте қызықты. Екі команданың да гол салуға көп мүмкіндіктері болды. Ойын шабуыл кезінде өте жігерлі көрінеді. Есеп  бұрынғыша 0:0 болса да, әдемі матч. Қазіргі уақытта Англия Италияға қарағанда қорғаныста жақсы ойнап жүрген секілді.

- Сіз Италия құрамасының үздік ойыншысы деп кімді есептейсіз?

- ДЕ РОССИ өте жақсы ойын көрсетіп отыр. Оны командадағы үздік ойыншы деп айтар едім.

- Есепте неліктен әлі өзгеріс жоқ деп ойлайсыз?

- Чемпионат басталғалы бізде осы проблема болып отыр. Біз қауіпті сәттерді тудыра аламыз, бірақ комбинацияларды аяқтай алмаймыз. Бұл итальяндықтар үшін қалыпты жағдай. Біз 1:0-ге дейін ойнаймыз, содан соң қорғанысқа көшеміз. Мұның бәрі біздің стратегиямызға сәйкес келеді.

Біз Англияның жанкүйерлерін де сөзге тарттық. ТРЕВОР (төмендегі суретте) ағылшын командасының қызыл-ақ түсті ашық футболкасын киіп алыпты.

- Сіздіңше, осы ойында кімнің жеңіске жетуге мүмкіндігі мол?

-  Екі команда да тең ойнайды, бірақ Италия көбінесе допқа иелік етеді. Егер ойынның бірінші жартысы туралы айтар болсақ, онда Италияның гол соғуға мүмкіндігі көп болды.

- Ағылшын командасының үздік ойыншысы деп кімді есептейсіз?

- Команда капитаны ДЖЕРРАРДАНЫ. Ол жүйелі ойыншы. РУНИ де өте жақсы ойыншы, бірақ әзірге оның гол соғуға нақты мүмкіндігі болған жоқ.

- Ал сіздің пікіріңізше, үздік итальяндық ойыншы кім?

-  Оның  жартылай қорғаушысы ПИРЛО екені анық.

- Қалай ойлайсыз, Англия өзін ойын аяғына дейін көрсете ала ма?

- Бұл екі команда үшін өте әсерлі ойын емес. Ритм, қозғалыс жетіспейді. Жай ғана бір команда екіншісінің әрекетін бейтараптандырып отыр.

Матчтың нәтижесі баршаға аян, пенальти бойынша итальяндықтар жеңіске жетті.

-Олар бізді жаншып тастады ғой. Бұған шыдай алар емеспін! – деді итальяндықтар 3:2 есебіне көтергенде ағылшындық жанкүйерлердің бірі аһ ұрып. Сөйтіп, соңғы жағында БУФФОН КОУЛДЫҢ добын алғанда:

- Бұл енді шектен шыққандық, – деген сөзді естідім тағы бір ағылшыннан.

…Адамдар біртіндеп пабтан шыға бастады, ал мен Треворға:

- Ойынға қатысты тағы да ойларыңыз бар ма? - деп сұрадым.

- Үздік команда жеңіске жетті! - деді ол.

28 маусым 2012, 10:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.