Сенбі, 7 шілдеде, Атырауда көп жылдардан кейін алғаш рет өңіріміздегі өзен және теңізбен тарихи тығыз байланысты кәсіби мереке - Балықшылар күні атап өтіледі. Бұл мейрам заңды түрде ол Балық шаруашылығы қызметкерлерінің күні деп аталады және жыл сайын шілде айының екінші жексенбісінде атап өтіледі. Биыл бұл 8-шілдеге тура келіп отыр. Алайда бұл күнді сенбіде тойлаймыз, шамасы, көпшілік үшін осылай ыңғайлы шығар.
Сонымен, таңертеңгі сағат 6-да қалалық әкімдік ғимараты алдында балық аулау бойынша турнир басталады. Қатысқысы келетіндердің барлығы шақырылады. Ұйқышылдар сағат 9.30-дағы қорытынды жасау шарасына үлгереді.
Сағат 9.00-де Смағұлов атындағы жағалауда (басқа жақтан келушілерге түсінікті болу үшін - әкімдік ғимараттары орналаспаған сол жақ жағалау) «Атырау» шипажайының жанындағы үлкен пирсте екі балық өсіру зауыты бекіре тұқымдас балықтың 20 мың шабағын өзенге жібереді. Сол жерге көрсетілім үшін тірі ересек бекіре мен қортпа балықтары әкелінеді.
Сол сағатта Бейбарыс сұлтан алаңында (облыстық әкімдіктің алдында) балық өнімдерінің жәрмеңкесі ашылады. Ал сағат 10.00-де түрлі байқаулар - көксеркелер мен сазандарды тазалау, қуыру, пісіру және т.б. жарыстар басталады.
Сағат 10.30-дан 11.00-ге дейін Жайықта (орталық көпірден Жилгородокқа дейін) кемелер шеруі өтеді.
Сағат 11-де Бейбарыс сұлтан алаңында өңір басшылығы шараға қатысушылар мен қонақтарды мерекемен құттықтайды. Содан кейін шара сала қызметкерлерін марапаттау рәсімімен және әртістер қойылымымен жалғасады.
Кешке сағат 19.00-де сол алаңда концерт басталады, соңында отшашулар шашылады.
Жеке ақпарат