Қашаған теңіз кенішінде North Caspian Operating Company N.V. (NCOC) компаниясы тәулігіне 325 мың баррель мұнай (1 баррель - 134,6 кг) өндіру деңгейіне жетті. «АЖ» NCOC-қа редакциялық сауал жолдап, баспасөз қызметінен төмендегі жауаптар келді.
- Тәуліктік мұнай өндіру деңгейінің өзгеру ықтималдығы бар ма?
- Ол ұңғымаларға техникалық қызмет көрсетуге байланысты дүркін-дүркін азаюы мүмкін және бұл фактор жоспарлау кезінде ескеріледі. Мәселен, биылғы жылдың наурыз-сәуір айларында осылай болды: ұңғымаларды жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты өндіріс деңгейі төмендеді, бірақ содан кейін тез қарқынмен бұрынғы көрсеткіштерге жетті.
- Жекелеген күндер бойынша өндіріс көрсеткіштерін атай аласыз ба?
- Жоқ, біз мұндай ақпарат бермейміз. 2018 жылы Қашағаннан 11-13 миллион тонна мұнай өндіру жоспарланғанын ғана хабарлай аламыз.
Фархат ӘБІЛОВ