Атырау, 1 мамыр 17:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16

​АҚШ-та ереуілдеткен 30-ға жуық адам ұсталды

2 049 рет қаралды


АҚШ-тың Филадельфия қаласында полицейлер 30-ға жуық адамды қамауға алды. Ереуілшілер Құрама Штаттардың көші-қон және кеден полициясы ғимаратының алдында бас көтерген. 

Шерушілер ведомствоны жабуды талап етті. Президент Дональд Трамп көші-қон саясатын қатаңдатқаннан кейін елді осындай наразылық шаралары шарпыды. 

Айта кету керек, жаңа талап бойынша АҚШ-қа заңсыз өткен мигранттар қылмыстық жауапқа тартылады. Шекарада ұсталған босқындар ісі сотта қаралып, түрмеге қамалады. Ал олардың балалары босқындарды орналастыру жөніндегі басқарманың орталықтарына беріліп, ата-аналарымен қайта қауышқанша, сонда қалады. 

Ресми дерек бойынша, биыл мамыр айынан бері 2 мыңнан астам бала отбасынан бөлінген.

Дереккөз: 24.kz

4 шілде 2018, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.