AZATTYQ.ORG. «Азов дағдарысы. Ресей Украина порттарын қалай құрсауға алып жатыр» - Ресей мен Украина арасында аяқ астынан тағы бір дау пайда болды - Ресей суы таяз, өзі шағын әрі техникалық құралдармен-ақ бақылауға болатын Азов теңізіне әскери кемелерінің үлкен тобын апарған. Украиналықтар "порттарымыз құрсауда қалды" деп жатыр.
«Қазақстанда демократизация болған жоқ» - Табиғи ресурстарға бай елдердегі демократияның экономикалық дамуға әсерін зерттеп жүрген әзербайжандық ғалым, саяси ғылымдар докторы, Нидерландтағы Лейден университетінің ассистент-профессоры Анар Ахмадов Азаттықпен Қазақстандағы саяси процестер туралы сұхбаттасты.
«Қытайлық қазақ студенттер каникулда үйіне баруға жүрексінеді» - Қазақстанға Қытайдан келіп оқып жүрген этникалық қазақ студенттер жазғы каникулда Шыңжаңдағы ата-анамызға барсақ кері қайта алмай қаламыз ба деп қорқатындарын айтады. Білім және ғылым министрлігі каникулға кеткен 88 студенттің Қытайдан қайта алмай қалғанын хабарлаған.
365INFO.KZ. «”Славян базары” байқауына Роза Рымбаева төрағалық етеді» - «Витебсктегі Славян базары» халықаралық өнер фестивалінде осы жылы алғаш рет «Ұлы дала өнері» атымен Қазақстан күні өтеді.
QAZAQTIMES.COM. «АҚШ-Қытай қайшылығы Тынық мұхитты соғыс алаңына айналдыра ма?» - 2018 жылғы «Тынық мұхит аясы» әскери оқу-жаттығуы Гавай аралдарында басталды. Тамыздың бас шеніне дейін жалғасатын кезекті жаттығудың бір ерекшелігі Қытайдың қатыстырылмауы. Оның есесіне Вьетнамның «Тынық мұхит аясында» алғаш рет бой көрсетуі. Бұл туралы көптеген елдің сарапшылары, Вьетнамның әскери жаттығуға қатысуына баса назар аудару керектігін, себебі бұл Америка Құрама Штаттары Азия-Тынық мұхиты аймағындағы Қытайдың ықпалын қарсы тұру үшін, өңірдегі басқа елдерімен күш біріктіретінін көрсетеді деген пікірде.
«Экономикалық экспанция немесе Орталық Азиядағы Қытай инвестициясының үлес салмағы» - 2013 жылы Қытай басшысы Ши Жиңпиң әлемге «Бір белдеу – бір жол» жобасын таныстырды. Онда ресми Бейжіңнің Орталық Азия мен Еуразия аумағын батысқа апарар жол ретінде қарастыратындығы және аталмыш аймақтың инфроқұрылымын жақсарту үшін инвестиция құятындығы айтылды. Содан бері бес жыл уақыт өтті. Осыған байланысты бүгін біз Орталық Азия елдеріне салынған Қытай инвестициясының үлес салмағына қысқаша тоқталуды жөн көрдік.