Атырау, 25 желтоқсан 11:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Темекі тұқылы үшін 15 тәулік

3 328 просмотра

Қоғамдық орындарда темекі тұқылын тастап, шемішке шағып немесе түзге отырып жүргендерге қатысты қолданылатын заң шаралары күшейе түсті. Салынатын айыппұл көлемі ұлғайып (8 мың теңгеге дейін), тартылатын жаза мерзімі де  белгіленді (15 тәулікке абақтыға қамау). Әкімшілік құқық бұзушылық саласындағы осы және өзге де жайттар туралы Атырау қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Ринат АЛДАМЖАРОВ (суретте) бөлісті.
Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 330-бабына орай Атырауда бүгінгі күнге дейін 646 іс қаралып, 301 адамға айыппұл салыныпты.
Ішкі істер органдары жанынан арнайы штабтар құрылып, қолға түскендерді учаскелік инспекторлар мен жол патрульдері сонда апарады.
Р.Алдамжаровтың түсіндіруінше, алғаш рет осындай құқық бұзушылықпен қолға түскендерге 3 айдан 5 айлық көрсеткіштерге дейін (1 АЕК- 1618 теңге), яғни 8090 теңге шамасында айыппұл салынады. Ал екінші рет қолға түскендер, 15 күнге қамауға алынады.
Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі жазалауға балалар да ілігеді. Соттың сөзіне сүйенсек, айыппұл қоғамдық орынды ластаған 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге емес, олардың ата-аналарына салынады, оның мөлшері яғни 2-3 айлық орташа есептік көрсеткіш (4854 теңге шамасында).
- Егер бұндай  әкімшілік құқық бұзушылар қатарына 14-ке толмағандар іліксе олардың ата-аналарына салынатын айыппұлдың деңгейі де үлкен, 20 АЕК,-дейді Р.Алдамжаров.
Сәния ТОЙКЕН,
Суретті түсірген автор

27 маусым 2012, 21:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.