Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили өзіне грузиндік азаматтығын қайта қайтарып беруін және елдегі саяси әрекеттерге қатысуға мүмкіндік беруін талап етуде. Нью-Йоркте жүрген саясаткер мұндай талабын Rustavi 2 телеарнасына берген сұхбаты барысында мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Өз талабын ол Грузия президенті Георгий Маргвелашвилиге бағыттаған. «Мен, президенттен Грузия азаматтығын қайтарып беруді талап етемін», -деген өз сөзінде Саакашвили.
Саакашвилидің айтуынша, қазіргі Грузия үкімет басшыларының әрекеті оның елдегі саяси өмірге қатыспайтындай етуге бағытталған.
Грузия билігі көп күттірмей Саакашвилидің үндеуіне жауап берді. Президент әкімшілігінің басшысы Георгий Абашишвили БАҚ өкілдерімен кездесу барысында ел азаматтығыннан Саакашвилидің өзі бас тартқандығын айтты.
«Оны ел азаматтығынан айырған Георгий Маргвелашвили емес екендігін ол жақсы біледі. Украина азаматтығын алу үшін Саакашвили өзі саналы түрде Грузия азаматтығынан бас тартқан. Оның үстіне бұған дейін ол өзіне Грузия азаматтығын қайтарып беру талабымен жүгінген емес», -дейді Абашишвили.
Еске салсақ, Саакашвили Грузия президенті міндетін екі рет атқарған - 2004-2007 және 2008-2013 жылдары. 2013 жылы қараша айында ол президенттік өкілеттілігі аяқталуға бірнеше күн қалғанда Грузияны тастап шыққан болатын.
Дереккөз: Baq.kz