Атырау, 30 қараша 07:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Британиялық мектептерде белдемше киюге тыйым салынды

2 153 просмотра


Британияда 40 мектепте қыздарға белдемше киюге тыйым салынды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Шығыс Саксекстегі Льюисте алғаш болып мектепте гендірлік-бейтарап киім үлгісі енгізілді. Мектептің барлық оқушылары өткен жылдың қыркүйегінен бастап шалбар киюге міндеттелген.

«Мектептегің киім үлгісін өзгерту ол теңдік пен әдептілікке байланысты. Бүгінде біздің білім алушыларымыздың барлығы бірдей үлгіде киінеді, бұл өте орныды және құқықты бұзу әрекеттерін төмендетеді. Бұл гендерлік-бейтарап киім үлгісі, біз оның шын мәнінде бейтарап болғанны қалап көп ойландық », - деп мәлімдеді Льюистегі мектеп директоры Тони Смит.

Осы ретте, мақалада Бьюри қаласындағы Филипс жоғары мектеп оқушыларының ата-аналары гендерлік-бейтарап киім үлгісі енгізілгенде оларға алдын ала ескертілмегенін және олардың пікірі сұралмағанына шағымданғаны айтылған.

Бұған дейін, Британияда «Великий посттың» төртінші жексенбісінде дәстүрлі түрде аталып өтетін Аналар күніне орай гендерлік-бейтарап ашық хаттар шығарылды. Онда «мама» деген сөз «сіз» деген есім сөзбен алмастырылған.

Дереккөз: Baq.kz

3 шілде 2018, 11:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.