Атырау, 30 қараша 07:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​Иранда наразылық шеру: Полиция тарабы ауыр сынның астында қалды

1 646 просмотра


Иран орталық қаласы Тһранда (Тегеран) сатушылар жаппай шеруге шықты. Олар экономикалық дағдарысқа қарсы үкіметтің дәрменсіздігін сынға алған. Оларды таратпақ болған полиция қызметкерлерінің әрекеті ел жұртшылығының наразылығына ұшырады. 

Шеру кезінде түсірілген бейне көріністерде полиция қызметкерлері сатушылардың мүлкін қиратқаны анық байқалады. Бұл туралы «Анадолы» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Тараптар ішкі істер министрі Абдурриза Рахмани Фазалиге қысым түсіруде. Баспасөз мәжілісі кезінде де журналистер полицейлердің дүкендер мен көліктерді бүлдіру әрекеттеріне жауап сұрады. 

Дегенмен, Фазали полиция қызметкерлерін ақтай сөйлеп: «Кейбір тергеу әрекеттерін жүзеге асыру үшін полицейлер осындай әрекетке мәжбүр болды. Ал бұл қатардағы бейне көріністердің бәрі дерлік сенімді емес», – деген. 

Экономикалық санкция және басқа қысымдар Иран экономикасын шайқалтып тұр. Былтыр желтоқсан айында режимге қарсы әлеуметтік дүмпу Теһран билігін күтпеген сындарға душар еткен еді. 

Дереккөз: “The Qazaq Times

3 шілде 2018, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.