23 маусымда облыстық драма театрында Қазақстан полициясының 20 жылдығына арналған салтанатты жиналыс болып өтті.
ІІД ұжымын облыс әкімінің бірінші орынбасары Болат ДӘУКЕНОВ құттықтады. Ол полицейлерге 28 патрульдік «Нива» көлігінің кілтін тапсырды. Оның 10-ы Атырау қаласының ІІБ-на, 5-уі – жол полициясына, қалғандары аудандық ІІБ-деріне бөлінді. Дәукенов биылғы жылдың аяғына дейін полицияның40-тан астам қызметкеріне пәтер беріледі деп уәде берді. Содан соң ол ІІД бастығының орынбасары Асқар КЕНЖЕҒАРИЕВҚА, Атырау қаласының ҚІІБ бастығының орынбасары Жанболат ҚАЙРАЛАПОВҚА, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары Орынгүл КӨШҚАЛИЕВАҒА және басқаларға облыстық әкімдіктің алғыс хаттарын тапсырды.
ІІМ бұйрығымен офицер атақтарын мерзімінен бұрын Атырау ҚІІБ мен облыстық криминалдық полиция бөлімдерінің басшылары алды. Осы күні ІІД-нің 860 қызметкеріне ақшалай сыйақы берілді. «Қазақстан полициясының 20 жылдығы» мерейтойлық төсбелгісімен ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВА марапатталды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ