Атырау, 26 қараша 00:23
 ашықВ Атырау -2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Балалы үй - базар

5 433 просмотра


Атырауда жыл сайын денсаулығына қатысты кінәраты бар және сол үшін де ең болмағанда экстракорпоральді ұрықтандыру арқылы (ЭКО) сәби сүйгісі келетін ерлі-зайыптылар саны артып келеді. Мәселен, түтікте ұрықтанған 16 нәресте биыл бір жасқа толды.

Қазір облыстағы 684 ер адам мен әйелдердің медициналық карталарында «бедеулік» диагнозы жазылған. Ал бұл мәселе өте баяу шешіледі: өткен жылы біздің өңірге ЭКО-ға 30 квота, биылғы жылы 29 квота бөлінді.

- ЭКО арқылы да бәрі бірдей жүкті бола алмайтындығы белгілі, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының бедеулі неке жөніндегі үйлестірушісі Гүлнар ЕСҚАЙЫРОВА. - Көптеген аурулар бойынша, әсіресе, әйелдер бөлігінде жүктілік үшін қарсы көрсетілімдер бар...

Тіпті, әйелдің дені сау болса да - жетістікке жетуге кепілдік жоқ, өйткені мұндай жүктіліктің 50%-ы түсікпен аяқталады. Ал бедеу отбасы квотаны тек бір рет қана пайдалана алады. Дегенмен, бұл әрекетті ақша төлеп, қайталауға болады. Бұл шамамен 1 млн теңге тұрады. Қазақстанда мемлекеттік тапсырыс бойынша ЭКО қызметтерін 5 емхана - Алматы және Астана қалаларындағы екі емхана, Тараз қаласындағы бір емхана көрсетеді.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

2 шілде 2018, 19:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.