Атырау, 25 желтоқсан 12:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Үй кітабы әлі де керек

2 359 просмотра

Бұдан бұрын хабарланғандай, биылғы жыл басынан бері үй кітабын тұрғылықты  жері бойынша халыққа қызмет көрсету орталығында берілетін немесе электронды үкімет порталы арқылы алынатын мекен-жай анықтамалары алмастырды. Алайда, үй кітабынан қол үзуге болмайды.

ІІД көші-қон полициясы басқармасының аға инспекторы Гүлжанат АЯЗБАЕВАНЫҢ айтуынша, мемлекеттік органдардың үй кітабын немесе мекен-жай-анықтама бюросынан алынатын анықтама ұсыну талабы жойылса да, ереженің ерекшеліктері бар екен.

Мекен-жай бойынша азаматтарды тіркеу кітабы (үй кітабы):

1. Еңбекке қабілетін, жұмысын жоғалтқан жағдайда, жүктілігіне және босануына байланысты табысын жоғалтқан жағдайда, жаңа туған сәбиді (баланы) асырап алуға, бір жылға дейін бала күтіміне байланысты кірісін жоғалтқан жағдайда әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін;

2. Жәрдемақы алуға құқылы отбасыға жәрдемақы тағайындау үшін (жәрдемақы тағайындауға өтініш бергенде);

3. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін (дара кәсіпкерлерді) мемлекеттік тіркеу үшін;

4. ҚР мен РФ шекаралық аумағында тұратын тұрғындарға Қазақстан-Ресей шекарасынан өту үшін қажет.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

27 маусым 2012, 21:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.