Германия ішкі істер министрі және Христиан қоғамдық кеңесінің төрағасы Хорст Зеехофер отставкаға кетті. Саясаткер ақпаратты ресми растап, бұл мәселе партия қарауында екенін айтты.
Осындай мәлімдеме Мюнхенде өткен партия басқармасының кезекті мәжілісінен кейін жасалды. Қос лауазымнан бас тартуға не себеп болғаны әзірге нақты емес. Алайда жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары басты себеп ел канцлері Ангела Меркельмен келіспеушілік екенін алға тартып отыр.
Естеріңізге сала кетсек, министр босқындарға қатысты шешімдерді Меркельдің қатысуынсыз қабылдай бастайтынын айтып, сес көрсеткен. Атап айтқанда, ол құжаты жоқ және Еуроодақтың өзге елдерінде тіркелген босқындарға Германияға кіруге тыйым салғысы келген.
Ал Ангела Меркель бұл мәселе бойынша үзеңгілестері мен сайлаушыларды, сондай-ақ одақтас елдерді қанағаттандыратын ортақ шешім тапқысы келді. Сарапшылар «Меркель мен Германия Зеехофер арасындағы алауыздық неміс үкіметін ыдыратуы ықтимал» деп алаңдаушылық білдірген болатын.
Дереккөз: 24.kz