Атырау, 25 желтоқсан 20:59
 ашықВ Атырау -10
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Оқушыларды тонап, бостандықтан айырылды

2 484 рет қаралды


Атырау қалалық №2 соты ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-тармағының 3-тармақшасы бойынша («Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен тонау») айыпталған жергілікті екі тұрғынға үкім шығарды.

Анықталғандай, 2018 жылдың ақпанында Х. және С. көшеде №22 мектептің екі оқушысына жақындап, қорқытып, ұялы телефондарын тартып алған. Осыдан кейін олар Амандосов көшесіне қарай бет алып, сол жерде «Батыс-15» полицей патрулінің қызметкерлері ұстайды. Мүліктік зиян 75 000 теңгеге бағаланған.

Сот оларды кінәлі деп тауып, С.-ны 3 жылға бас бостандығын шектеуге, ал бұрын сотталған Х.-ны ең жоғарғы қауіпсіздік колониясында 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Фархат ӘБІЛОВ

2 шілде 2018, 13:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.