Атырау, 30 қараша 07:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​АҚШ-қа жауап ретінде Канада жаңа баж салығын енгізді

1 760 просмотра


АҚШ-тың салық саясатына жауап ретінде Канада тарапы жаңа баж салығын енгізді. Бұл туралы елдің сыртқы істер министрі хабарлады. Салық көлемі – 16,6 миллиард Канада доллары. 

Еске сала кетейік, биыл наурыз айында Вашингтон елге әкелінетін болатқа 25 пайыз, ал алюминийге 10 пайыз баж салығын енгізген. Бұқаралық ақпарат құралдары Ақ үй басшысының бұл мәлімдемесін «бүкіл әлемге сауда соғысын» жариялағанмен теңеді. 

Өз кезегінде бұған жауап ретінде Еуроодақ америкалық тауарларға да жалпы құны 2 миллиард 800 миллион еуро болатын баж салығын енгізді. Металлургиялық өнімдерден бөлек, бұл тізімде киім-кешек, мотоцикл және алкогольді өнімдер бар.

Дереккөз: 24.kz

2 шілде 2018, 10:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.