Атырау, 25 желтоқсан 12:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Тіркеусіз бір ай

1 804 просмотра

7 маусымда Астанада Қазақстан мен Ресей президенттері қол қойған екі ел азаматтарының ел аумағында болу тәртібі туралы келісім сол күннен бастап күшіне енді.

Соған сәйкес, екінші аумаққа уақытша келген Қазақстан мен Ресей азаматтары келу уақытынан бастап 30 күн ішінде тіркеуден босатылады.

Естеріңізге салсақ, осы кезге дейін (1992 жылдан бастап) 5 күннен көп уақытқа келетіндер көші-қон полициясына тіркелуге міндетті болатын.

- Келісім заңды күшке ие және қолданысқа енгізілді, - дейді облыстық көші-қон полициясы басқармасы бастығының орынбасары Гүлжан ЛҰҚМАНОВА. – Ресей Федерациясына баратын Қазақстан азаматтары сол жерде еш жерге белгіленбестен 30 күнге дейін еркін жүре алады. Егер аумақта болу уақыты осы мерзімнен асып кетсе, сол жақтағы көші-қон қызметіне барып, тіркелу керек. Қазақстанға келуші РФ азаматтарына да қатысты солай. Тіркеудің жарамдылық мерзімі өзгеріссіз қалды - шыққан күннен бастап 90 күн.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

27 маусым 2012, 21:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.