АҚШ қалаларында президент Дональд Трамптың «нөлдік төзімділік» саясатына қарсы 700-ден астам наразылық шеруі өтті. Шараға қатысушылар тәртіп қолданыла бастағалы, ата-анасынан бөлінген балалардың отбасыларымен тездетіп қосылуын талап етті.
Және заңсыз мигранттарға қатысты тергеуді тоқтатуды сұрауда. Еске сала кетейік, Трамп билігі «нөлдік төзімділік» саясатын сәуір айында енгізген болатын.
Оған сәйкес, шекараны заңсыз кескен мигранттар тұтқындалып, сотқа берілді. Ал олардың балалары отбасыларынан бөлініп, арнайы орындарға орналастырыла бастады.
Көп ұзамай, бұл саясат халықтың наразылығын туғызып, президент Трамп маусымның ортасында оны тоқтату туралы бұйрыққа қол қойды. Содан бері арнайы орындарға орналасқан 2 мың 300-ден астам баланың тек 500-і ғана отбасына оралған.
Дереккөз: 24.kz