Италия заңсыз мигранттарды тасушы кемелердің ел аумағындағы порттарға кіруіне тыйым салды. Бұл туралы елдің Ішкі істер министрі Маттео Сальвини мәлімдеді.
Оның айтуынша, тәртіп ең алдымен үкіметтік емес ұйымдарға қатысты болмақ. Себебі ресми Римнің пайымдауынша, бұл ұйымдар Солтүстік Африкадан мигрантарды заңсыз тасымалдаумен айналысып отырған қылмыстық топтарға көмектесіп отыр. Сальвини сондай-ақ Брюссельдегі саммиттің шешіміне қолдау білдірді.
«Себебі ол Апеннин түбегіне ағылған босқындар легін азайтуға септігін тигізуі тиіс», – дейді министр. Ал Еуроодақтың ресми дерегіне сүйенсек, Италияға табан тіреген келімсектердің саны 2015 жылмен салыстырғанда, 95 пайызға төмендеген. Бірақ соңғы апталарда мигранттардың келуі қайта үдей түскен.
Дереккөз: 24.kz