Атырау, 29 наурыз 10:11
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Үшінші сессия несімен есте қалды?», «Д.Кәлетаев: "Діни азшылықтарға ашықпын"», «Күмәнді ақша жайлы зерттеуде Трамптың экс-кеңесшісі мен Әблязовті атаған», «Трамп пен Путиннің кездесуінен не күтеді?», «Байтұрсыновты ату жазасына кескен қазақ кім?».

1 597 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Дархан Кәлетаев: "Діни азшылықтарға ашықпын"» - Азаттық құқық қорғаушыларды алаңдатқан даулы Дін туралы жаңа заң жобасы туралы Қазақстанның Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаевпен сұхбаттасты.

«Қызба мінезді Трамп пен әккі Путиннің кездесуінен не күтеді?» - Владимир Путинмен кездесу кезінде Дональд Трамптың қызба мінезі оның мықты көзіріне айнала ала ма? Кремльдің Ақ үй тарапынан босаңдық болады деген дәмесі ақтала ма? Трамппен кездесуден Путинге төнер үлкен қатер бар ма?

«Күмәнді ақша жайлы зерттеуде Трамптың экс-кеңесшісі мен Әблязовті атаған» - OCCRP ұйымының зерттеу жүргізетін журналистері Қазақстаннан жымқырылған ақша АҚШ-та жасырын заңдастырылған деген болжам туралы материал жариялады. Мақалада қуғындағы экс-банкир Мұхтар Әблязов, Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов пен екеуінің балаларының аты-жөнін келтірген. 

«Үшінші сессия несімен есте қалды?» - Маусымның 28-і күні алтыншы шақырылымдағы парламент үшінші сессиясын аяқтап, депутаттар демалысқа шықты. Өткен күзден бері парламент қабылдаған бірқатар даулы заңдар арасында Нұрсұлтан Назарбаевқа Қауіпсіздік кеңесін өмірінің соңына дейін басқаруға құқық беретін заң да бар.

INFORMBURO.KZ. «World Cup 2018. Топтық кезеңнен кім қалай өтті?» - Ресейде өтіп жатқан футболдан әлем біріншілігіне миллионнан астам түрист келіп үлгерді. Ал әлемнің 3,4 миллиард тұрғыны ойындарды онлайн қарап отыр.

QAZAQTIMES.COM. «Сауда соғысының қорқынышы немесе Трамп пен Шидің көздегені не?» - АҚШ-Қытай сауда соғысы дүние жүзінің назарында тұр. Әлемнің алдынғы екі экономикасы арасында 600 млрд көлеміндегі сауда қақтығысы шілденің бас шенінде бұрқ ете қалмақ. 

QAZAQUNI.KZ. «Шетелге қашқан жемқорларды жазғырма» - Ей, пәтуәлі достар! Келісесіңдер ме, жоқ па, бәрібір, бүгінде бәріміз де жемқорлық, көптеген басшы-қосшы лауазым иелерінің парасыз әжет өтемейтіні жайлы өзіміз білетін нақты айғақ, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып жататын дерек-мәлімет, құқық қорғау органдарының ресми мәліметтері, басқа да жайсыз хабарлардан «тойып» біткендейміз, тіпті, соларды халыққа білдірмей-ақ қойса да мейлі еді дейтін пұшаймандыққа жеткендейміз бе, қалай өзі? Тосқауыл қойылып, тамырына балта шабу мардымсыз болған соң, оларды білді не, білмеді не, босқа қан қысымды көтеріп, онсыз да оңып тұрғаны шамалы денсаулыққа зиян келтіріп текке.

«Қ. Тоқаев: Қазақстанды «орыс әлеміне» қосуға келіспейміз, өйткені, біздің өзіміздің “қазақ әлеміміз” бар» - Кейде орыстың сөзімен айтсақ, «өзіңнің түйе емес» екеніңді дәлелдеудің өзі қиын. Сырттағылар бізді бәрібір солтүстік көршінің ықпалында, тіпті, илеуінде жүрген ел деп ойлайды. Әрине, мүлдем ондай емеспіз деп ант-су іше алмаспыз. Бірақ, соңғы жылдардағы біздің биліктің өте сабырлы жүргізіп отырған саясатынан, сары тісті сақ саясаткерлеріміздің айтып қалатын сөздерінен – іргемізді біртіндеп ажыратып, отауымыздың туырлығын бөліп алу әрекеті жасалып жатқанын анық аңғаруға болады.

365INFO.KZ. «Атамбаевтан арылған Жиэнбеков не бүлдіргелі жатыр?» - Бәрі де бетті! Атамбаев саясат сахнасына қайта оралмайтындай күйге жетті. Экс-президент пен қазіргі мемлекет басшысы арсындағы текетірес жаңа сатыға көтеріліп, мұрагер өз билігін нығайтуға көшті.

«Байтұрсыновты ату жазасына кескен қазақтың кім екенін білесіз бе?» - Өткен ғасырдың басында «менің елім, менің жерім» деп ұрандап, қаймана қазақтың басын қосып, өз алдына жеке, азат мемлекет құруға тырысқан алаш арыстарының тағдырлары қасіретпен аяқталғаны белгілі.


2 шілде 2018, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.