Атырау облысында 2018 жылы 1 жасқа дейінгі 54 нәресте (46-сы – Атырауда, 8-і – аудандарда), 1-2 жас аралығындағы 4 сәби, сондай-ақ 2-5 жас аралығындағы 9 бала қайтқан. Бұл қайғылы деректер туралы денсаулықты қорғау жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесі отырысында денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк АЙМҰРЗИЕВА баяндады.
Өңірде 27 акушер-генеколог жетіспейді. Егер есептеп қарасақ, бір осындай дәрігер күіне 26 әйелді босандырады екен.
- Жүкті әйелдер дер кезінде есепке тұрмайды, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарамайды, көбіне осы жағдай өкінішті салдардың себебі болады,- деді Аймұрзиева. – Мамандардың жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін біз Астанадан 4 акушер-генеколог пен 2 анестезиолог-реаниматолог шақырдық, сондай-ақ биыл тағы 14 акушер мен 4 анестезиолог келеді.
Сағитжан АЙДАРАЛИЕВ: №7 қалалық емхананың директоры:
- Соңғы уақытта үлкен жұмыстар атқарылды: жүктілікті жоспарлау және болашақ аналардан табылған ауруарды емдеу кабинеттері ашылды. Біз облыстық перинаталдық орталықпен тығыз жұмыс жасап жатырмыз. Скрингтік тексеру кезінде ана ішіндегі баланың дамуында кемшіліктер табылып жатады және дәрігерлер түсік жасау жөнінде ұсыныс жасайды. Алайда көптеген әйелдер мұнымен келіспейді. Бір жасқа дейінгі сәбилердің өлімі көбіне осыған байланысты.
Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА
Суретті түсірген автор