Атырау, 16 сәуір 09:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Ақаусыз апат бола ма?

2 538 просмотра


26 маусымда Атырау ЖЭО-нің жұмыс істеп тұрған 8 турбинасының 4-уінің тоқтау фактісі бойынша тергеу жұмыстары басталды, деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті бастығының міндетін атқарушы Қуанышбек ЖҰМИЕВ.

Сол күні сағат 16:30-да электр станциясының жұмыс жасап тұрған турбиналарының жартысы тоқтап қалды. Қалғандары 158 мегаватт энергия өндірді, ал қажеттілік 260 мегаватт болатын. Нәтижесінде, мұнай астанасының кейбір аудандарында электр қуатын беру бір-екі сағатқа тоқтады.

- Ыстық бу тым көп болғандықтан, ЖЭО қызметкерлері №13 және 14 қазандық агрегаттарын ажыратып тастауға мәжбүр болды. 30 минуттан кейін №9 және 10 турбиналар қайта іске қосылды, қалған №3 және 4 турбиналарды іске қосуға тағы бір сағат уақыт кетті,  - дейді Жұмиев.

Осыған байланысты әңгіме барысында «АЖ» тілшісі бас энергетика инспекторына қаңтарда орын алған ЖЭО-дағы осындай апат туралы еске салды. Алайда, ол түсіндіргендей, бұлар түрлі нәрселер екен. Ол кезде қыста екі турбинаның бұзылуы салдарынан қаланың сол жақ жағалауы түгелдей жарықсыз қалған еді. Ал турбиналардың бұл жолғы тоқтауын апат деп атауға болмайды. Турбиналар бұзылмаған, тек электрмен қамту бойынша азғана шектеу орын алған.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

29 маусым 2018, 17:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.