Атырау, 30 қараша 08:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​Трамп пен Путиннің кездесуінде қандай мәселелер қаралатыны мәлім болды

2 268 просмотра


Дональд Трамп Ресей президентімен НАТО саммитінен кейін 16 шілдеде Хельсинки қаласында кездеседі. Бұл туралы АҚШ президентінің көмекшісі Джон Болтонның Мәскеудегі іс сапарынан кейін мәлім болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, АҚШ президентінің көмекшісі Джон Болтон Мәскеудегі іс сапарынан кейін кездесудің өтетінін растап, нақты ақпараттарды Мәскеу мен Вашингтон қатар жариялайтынын айтты.

Оның айтуынша, аталған кездесуде көшбасшылар санкциядан бастап, Ресейдің Сирия мен Донбасқа әрекетін, 2016 жылғы АҚШ президент сайлауына Ресей тарапынан килігу болды ма, жоқ па деген сұрақтарға дейін талқылайды.

Айта кетейік, бұған дейін Трамп пен Путин 2017 жылы шілде айында өткен G20 саммитінде жүздескен болатын.

«Біз жақын арада кездесеміз. Мен қашанда Ресеймен және Қытаймен қарым-қатынасты реттеу, жалпы бәрімен тіл табысу жақсы екенін айтып келемін. Бұл барлығымыз үшін, әлем үшін маңызды. Кездесуде Сирия мен Украина жайлы тағы басқа да сұрақтар төңірегінде сөйлесеміз деп ойлаймын. Қытай президентімен кездесуіміз өте тамаша өтті. Сондықтан алдағы басқосу да сәтті аяқталуы мүмкін», - деді АҚШ президенті Дональд Трамп. 

Дереккөз: Baq.kz

29 маусым 2018, 15:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.