AZATTYQ.ORG. «Қайта даярлаудан өткен ұстаздың ағылшыншасы қалай?» - Парламент депутаты мектеп мұғалімдерін ағылшын тілінен қайта даярлауға 5,6 миллиард теңгенің қалай жұмсалғанын білгісі келеді. Кей ұстаздар арнайы курста оқығандарын ұмыта бастағандарын айтады.
«Қырғыз-қазақ шекарасының түйткілді тұстары» - Қырғызстан парламентінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті қазақ-қырғыз шекарасын демаркациялау туралы келісімді қарауды кейінге қалдырды. Оған шекараны белгілеу жөніндегі мәселелердің тыңғылықты пысықталмағаны себеп болған. Бұған қоса, екі тарап арасында шекараның үш тұсына және Шу өзеніне қатысты шешімін таппаған мәселелер бар.
«Сібірден қашқандар өте көп...» - Ресейдің Алтай өлкесінен екі оппозициялық белсенді – Қырлық ауылының бұрынғы депутаты Айдар Кудирмеков пен Алтай өлкесі Бийск қаласы тұрғыны Сергей Горр мамыр айында елден кетуге мәжбүр болған. Түрлі айыптармен билік тарапынан қудалауға ұшырағандықтан екеуі де енді Ресейде тұру мүмкін емес деп шешкен.
TURKYSTAN.KZ. «Қауіпті кеселге сылтау көп» - Туберкулез жыл сайын 1,3 млн адамның өмірін жалмайды. Бүгінде елімізде туберкулезді ерте анықтау үшін диагностиканың заманауи әдістері қолданыла бастады.
«Су ресурстарын қорғау – маңызды міндет» - Су ресурстарын қорғау, су қауіпсіздігі мен тиімділігі, оны рационалды пайдалану – адамзат үшін өмірлік маңызды мәселе. Бұл мәселе көптеген басқосуларда талқыланып, шешілу жолдары іздестірілу үстінде. Әрине, оның жолдары мен әдістері сан алуан. Соның бірі – ел өңірлерінде алқаптарды суландыру мәселесіне жаңаша көзқарас қалыптастыру.
AIKYN.KZ. «”Қызыл кітап” неге қолжетімсіз?» - «Қызыл кітап» – жер бетінен жойылып кету қаупі төнген өсімдіктер мен жәндіктер, құстар мен аңдардың әрқайсысы туралы қысқаша сипаттамалық жинақ. Өкінішке қарай, бүгіндері әлгіндей зауал төніп тұрған табиғат перзенттері аз емес. Тіпті олардың қатары жылдан-жылға көбейіп, сондықтан «Қызыл кітап» әр шыққан сайын күрт қалыңдап барады.
ABAI.KZ. «Қытай түрмелеріндегі азаптауды көзбен көргендердің әңгімесі» - ChinaAid басылымы Шыңжаңдағы мұсылмандардың геноцитке ұшырап жатқаны туралы көлемді материал жариялады. Біз сол мақаланы оқырман назарына ұсынуды жөн санадық. Жазу стильіндегі кейбір кемшіліктерді түзетпей, сол қалпында қалдырып отырмыз.
BAQ.KZ. «14 мыңнан астам түлек ҰБТ-да шекті балды жинай алмаған» - Биыл 14 мыңнан астам түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуден өте алмады. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингте ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.