Атырау, 30 қараша 08:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​Сеул мен Пхеньян автомобиль жолдарын біріктірмек

1 746 просмотра


28 маусым, бейсенбі күні Оңтүстік Корея мен КХДР шекара арқылы өткен автомобиль жолдарын біріктіру мәселесіне арналған келіссөздерді бастады. Бұл туралы Ренхап агенттігі хабарлады. 

Корей түбегінде жылымық кезеңнің орнауына орай жүргізіліп жатқан келіссөздер келешекте Пхеньяннан Сеулге дейін ешқандай кедергісіз көлікпен жетуге мүмкіндік береді. 

Кездесу Пхеньян уақытымен сағат 10-да Пханмунджом шекара бекетінде басталды. Тараптар Оңтүстік Корея және КХДР басшыларының 27 сәуірдегі саммитте қол жеткізген келісімдері аясында трансшекаралық жолдарды жаңғырту және үйлестіру жолдарын талқылайды. 

Атап айтқанда, 19 километрлік автомобиль жолын салу мәселесі талқыланады. Ол құрылыс жұмыстары аяқталған соң Сеул мен Пхеньянды біріктіреді. Ресми Сеул мен Пхеньян аталған жол учаскесінің құрылысын 2015 жылы да талқылаған болатын. 

Алайда 2016 жылдың басында КХДР төртінші ядро сынағын өткізгеннен соң сол жоспарлар құрдымға кеткен. Тараптар инфрақұрылым түбектегі қарым-қатынастарды жақсартуға ықпал етеді деп үміт артып отыр. 

Дереккөз: inform.kz

29 маусым 2018, 09:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.