Атырау, 30 қараша 08:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​Ресейде несие карталарын бұғаттауға рұқсат берілді

1 805 просмотра


Ресей президенті Владимир Путин «Ресей Федерациясының бөлек заңнамалық актілеріндегі ақшалай қаражатты жымқыруға қарсы іс-қимыл бөліміне өзгеріс енгізу туралы» Федералдық заңына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Кремльдің ресми сайтына сілтеме жасап. 

«Федералдық заң клиенттің жеке рұқсатынсыз ақша аударымының белгілері пайда болған сәтте несие ұйымы ақшалай қаражат аударымын дереу тоқтату тәртібін белгілейді. Әсіресе, клиенттің рұқсатынсыз ақша аударымы жүргізілген жағдайда ақша аударымы жөніндегі оператор операцияны орындау туралы тапсырманы екі жұмыс күнінен асырмай, тоқтатып қоюға құқылы, сондай-ақ, оператор төлемнің электронды құралдарын пайдалануды дәл осындай уақытқа шектей алады» , - деді Кремльдің баспасөз қызметінің өкілдері. 

Клиенттің жеке рұқсатынсыз ақша аударымын жүргізу белгілерін Ресей Банкі анықтап, ресми сайтта жариялайды.   

Дереккөз: inform.kz

29 маусым 2018, 09:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.