Атырау, 29 қараша 12:44
 дождьВ Атырау -3.7
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58

Күкіртке күйіп қалды

3 215 рет қаралды

"АЖ" мұрағатынан алынған көрнекі сурет

Атырау облыстық ТЖД ақпараты бойынша, Теңіз кенішінде үш қызметкер өндіріс кезінде күкірттен күйік алған.

- Қайғылы оқиға 27 маусымға қараған түні ТШО мұнай дайындау зауытында орын алды. Күкірт жинау кезінде үш адам екі аяғынан термиялық күйік алған, - деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі. - «Теңізшевройл» ЖШС-нің 36 жастағы қызметкері, сондай-ақ «Темірәлі» мердігер компаниясының 42 және 32 жастағы қызметкерлері зардап шекті. Олардың барлығы облыстық ауруханаға жатқызылды.

Фархат ӘБІЛОВ

28 маусым 2018, 11:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.