Құрама Штаттардың сейсмикалық тұрғыдан ең тұрақсыз жерін білесіз бе? Егер бейхабар болсаңыз, онда Гавай аралдарын мұқият зерттеп көріңіз. Мұндағы Волкейно елді мекенінен 5 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді.
Табиғи апаттың кіндігі мұндағы жанартаудың беткі бөлігінде болған. Жер сілкінісінің дүмпуін 15 адам сезініп, билікке хабарлапты. Сейсмикалық оқиғадан қаза тапқандар мен жараланғандар туралы ақпарат түскен жоқ.
Дереккөз: 24.kz