Атырау, 29 наурыз 19:38
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Қазақстан билігі неге алаңдайды?»,«1шілдеден бастап қазақстандықтардың өмірінде болатын 10 өзгеріс​», «Экс-депутат Мәжілістегі масқара жағдайды айтып берді», «Қырғыз билігі халықтан ақша жинай бастады», «Латын əрпінің соңғы нұсқасы қашан қолданысқа енеді

3 655 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Қазақстан билігі неге алаңдайды?» - Қазақстанның билік жүйесіндегі кез келген адам "президент Нұрсұлтан Назарбаевты халықтың көбі қолдайды" деп ашық айта алады. Бұл - қате де емес. Қазақстан азаматтарының біразы елдің тұңғыш және жалғыз президенті, парламент 2010 жылы "Ұлт көшбасшысы – Елбасы" атағын берген Назарбаевты қолдайды.

365INFO.KZ. «Экс-депутат Мәжілістегі масқара жағдайды айтып берді» - 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Түрікменстанда көп әйел алуға тыйым салатын заң күшіне енеді. Ал Қазақстан парламенті заңнама деңгейінде көп неке мәселесін 1998 жылдан бері бірнеше рет қозғады.

«”Қытайға қарызбыз!”. Қырғыз билігі халықтан ақша жинай бастады» - Қазіргі таңда Қырғыз елінің Қытайға деген берешегі 1,7 млрд долларды құраса, жалпы сыртқы мемлекеттік қарыз — 4,4 млрд долларға тең. Бұл соманы елдегі жұмысқа қабілетті әр азаматқа шаққанда, ол 1500 АҚШ долларын құрайды екен.

 INFORMBURO.KZ. «Латын əрпінің соңғы нұсқасы қашан қолданысқа енеді?» - Сарапшылар қазақ тілді қоғам жаппай латын әліпбиін қолдануға дайын дейді. Алайда әліпбидің тезірек қолданысқа енуіне кедергі де бар.

«Мобильді телефондарды тіркеуді міндеттеу ұрлықты азайта ма?» - Алып интернет компаниялар өз қолданушылары туралы орасан зор ақпарат қорын жеке мақсатта пайдалана алмайды, құқы жоқ

TURKYSTAN.KZ. «Байларға түсер батпан жүк» - Еліміздің министрлері есептік кездесулерін кезекпен өткізіп келеді. Өткен аптада есеп беру кезегі Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовке жетті. Есептік кездесу барысында министр салық мәселесіне айрықша назар аударды.

«Түркия суперпрезиденттік жүйеге көшті» - Түркия кезектен тыс президент және парламент сайлауын өткізді. Жергілікті сарапшылар мен журналистердің айтуынша, бұл соңғы жарты ғасырда болмаған ерекше сайлау еді. Оның себебі елдің ішкі жағдайы күрделеніп, саяси тартыстың күшейе түсуі. Сайлау науқанына өте аз уақыта, екі ай ғана берілгеніне қарамастан, үгіт-насихат барысында тосын жайттар көп болды.

SPUTNIKNEWS.KZ «1 шілдеден бастап қазақстандықтардың өмірінде болатын 10 өзгеріс» - 1 шілдеден бастап Қазақстанда тұрғындардың өмірін өзгертетін біршама жаңашылдық күшіне енеді. Sputnik Қазақстан тілшісі санаулы күндерден кейін енетін өзгерістерге шолу жасады.


28 маусым 2018, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.