Атырау, 30 қараша 08:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​Германия үкіметіне ыдырау қаупі төніп тұр

2 087 просмотра


Канцлер Ангела Меркель мен Германия ішкі істер министрі Хорст Зеехофер арасындағы алауыздық неміс үкіметін ыдыратуы ықтимал. Бұл - елде жаңа сайлау өтуі мүмкін деген сөз. Сарапшылар соңғы аптаны Ангела Меркель мансабындағы ең ауыр кезең деп бағалап отыр. 

Бірнеше күннен кейін Хорст Зеехофер қойған үзілді-кесілді талабының мерзімі бітеді. Естеріңізге сала кетсек, министр босқындарға қатысты шешімдерді Меркельдің қатысуынсыз қабылдай бастайтынын айтып, сес көрсеткен. 

Атап айтқанда, ол құжаты жоқ және Еуроодақтың өзге елдерінде тіркелген босқындарға Германияға кіруге тыйым салмақ. Ал, Ангела Меркель бұл мәселе бойынша үзеңгілестері мен сайлаушыларды, сондай-ақ одақтас елдерді қанағаттандыратын ортақ шешім тапқысы келеді. Алайда әр елдің бұған көзқарасы бөлек болғандықтан, бұл оңай болмас. 

Мәселен Италия босқындар үшін өз теңіз айлақтарын жаба бастаған. Ал Австрия 2015-жылғы аласапыранның қайталануына жол бермес үшін, шекараларын жабу бойынша ауқымды жаттығу өткізген. Осы арада, Ангела Меркель Италия мен Франция басшыларымен келіссөздер жүргізіп, таяуда Берлинде Испания премьер-министрімен кездескен. 

Ангела Меркель, ГФР канцлері: 

- Босқындарға қатысты ортақ ұстанымға келсек, жұмаға дейін бүкіл жеті директива бойынша шешім қабылдай алмаймыз. Дегенмен, бесеуі жөнінде келісімге жеттік. Қалған екі директива бойынша әлі де атқаратын жұмысымыз бар. Босқындарға баспана беру тәртібін бірлесіп реттеуміз керек. Осы жөнінде Испания премьер-министрімен келіссөздер өтті, жақын арада оны жалғастырамыз.  

Дереккөз: 24kz

27 маусым 2018, 18:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.