21 маусымда Атырауда екі қабатты «AK`s- reserve» қонақ үй кешенінің кір жуатын бөлмесінде өрт болды. Бір сағаттан кейін өрт сөндірілді, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
***
22 маусымда таңертең ертемен Атырауда А.Мәди көшесіндегі үйдің ауласында «Лада» көлігі өртенді. Үй иелері өртті өрт сөндірушілер келгенше сөндірді.
***
Сот Атырау тұрғынына 15 883 теңгеге айыппұл салды, ол орталық мешіттің жанында қайыр-садақа беруін сұрап, өткіншілердің мазасын алған. Осылайша, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449-бабының 1-тармағында («Қоғамдық орындарда тиісу, яғни, мазалап өтініш білдіру») қарастырылған құқықбұзушылықты жасаған.
***
22 маусымда Құлсары қаласының маңында құдыққа түйе құлады. Жануарды құтқару операциясына Жылыой ауданының №9 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері қатысты.
***
24 маусымда қала маңындағы Курилкино ықшам ауданында шомылып жүрген 15 жасар жасөспірім Жайыққа батып кетті. Денесі сол күні судан шығарылды.
***
Жылыой ауданы Құлсары қаласының тұрғыны жүктілігінің соңғы айында облыстық перзентханаға жете алмай қалды. Атыраудан 5 шақырым жерде орналасқан «ҚазМұнайГаз» жанармай құю бекетінде көлік ішінде толғақ басталады. Жанармай бекетінің қызметкерлері оны ғимарат ішіне әкеліп, босандырып алған. Қазір сәби мен анасының жағдайы жақсы, ауруханадан шығарылған. Жанармай бекетінің басшылығы олардың отбасына 1000 литр бензинге карта тарту етті.