Атырау, 26 қараша 00:51
 ашықВ Атырау -2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Миллионды қалай ұтып алуға болады?!

PR
3 381 просмотра



«Ембімұнайгаз» АҚ-да еңбекті қорғау мен өнеркәсіп қауіпсіздік жұмыстарын үздік ұйымдастыру бойынша жыл сайынғы байқау-конкурсының қорытындылары шығарылды. 2017 жылдың қорытындысында «Оқиғасыз 1000 күн» номинациясы бойынша «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы   жеңімпаз деп танылып,  бір миллион теңге ақшалай сертификатына ие болды!

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні мен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне (Эколог күні) арналған салтанатты жиналыс Құлсары қаласында өтті. Оған «Ембімұнайгаз» АҚ-на қарасты барлық басқармалардағы еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мамандары, барлығы 120 адам қатысты.     

-  Біздің компанияда еңбекті қорғауға,  өндірістік қауіпсіздікті сақтауға  басым бағыт беріледі. Бүгінгі шараның мақсаты  –   еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы мәселелері бойынша  жұмыстарды табысты жүзеге асырған   үздік мамандарға құрмет көрсету, - деп атап өтті өзінің құттықтау сөзінде ЕМГ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Айболат ГАБДУЛЛИН. 

Бас жүлде - «Оқиғасыз 1000 күн» номинациясы бойынша «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы   жеңімпаз деп танылды. Ұжым арнайы дипломға, естелік Кубок пен 1 миллион теңгелік ақшалай сертификатқа ие болды. Жоғарғы марапат басқарманың еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлімінің бастығы Қайрат КУЛБАЛИЕВКЕ тапсырылды.

- Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері басым болғандықтан осы бағытта ең үздік нәтижелерге қол жеткізген басқарма үшін сыйақы қорын бөлу туралы шешім қабылданды. Өндіріс қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы шығармашылық идеяларды жүзеге асыру үшін және бастамашыл қызметкерлерді ынталандыру үшін сыйақы қорының қаражаты еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлімінің билігінде болады, - деп түсініктеме берді «Ембімұнайгаз» АҚ Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Ільяс САРЫБЕКОВ. 

- Қандай жұмыс орындалмасын, бүгінгі күні мамандардың  қауіпсіз алаңда еңбек етуі алғашқы кезекке қойылады.   Қауіпсіздік техникасы бойынша инженерлердің штаты 3 есеге артты. Олар біздің басқарманың барлық 11 кен орнында бақылаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді және егер мұнайшының өміріне қауіп төнсе, кез келген уақытта өндірістік үдерісті тоқтатуға дайын, - деп Қ.Құлбалиев өз ұжымындағы жағдай туралы айтып өтті.

Мұнай-газ саласының дамуына қосқан үлесі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бойынша белсенді жұмысы, жоғары кәсібилігі үшін бір топ компания жұмысшысы салтанатты жиналыс барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды. 

Жыл сайынғы байқау-конкурстың 2017 жыл бойынша қорытындыларына сәйкес, бірнеше номинацияда жеңімпаздар аталды: «Ұңғымаларды жерасты жөндеу бойынша үздік бригада»; «Арнайы техниканың үздік жүргізушісі»; «Үздік цех»; «Еңбекті қорғау бойынша үздік техникалық инспектор»; «Өндірістік объектілердегі үздік жатақхана»; «Қауіпсіздіктің және «Алтын ережелердің» орындалуын үлгілі бақылау үшін»; «Үздік инженер-эколог»; «Қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша үздік инженер». Номинациялардың жеңімпаздарына дипломдар, бағалы сыйлықтар мен  ақшалай  сертификаттар және Сарыағаш қаласындағы шипажайға  жолдамалар тапсырылды.

27 маусым 2018, 16:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған