Ресей президенті Владимир Путин Ішкі істер министрлігі мен Еңбек министрлігіне орыс тілін білетін және Ресейде тұрып, жұмыс істегісі келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың елде уақытша тұруына және ықтияр хат алуына рұқсат беру тәртібін жеңілдетуді тапсырды. Тиісті тапсырма Кремльдің ресми сайтында 26 маусым күні жарияланды.
Тапсырманы орындауға 31 тамызға дейін уақыт берілген.
Бұған дейін ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Зубов ведомство Ресей азаматтығын алу процедурасын жеңілдету жұмысына қызу кіріскенін мәлімдеген. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, рұқсат беру тәртібі ең алдымен "Украина аумағынан қашқан босқындарға жеңілдетілмек".
Дереккөз: azattyq.org