Атырау, 20 ақпан 05:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.17
€ 576.63
₽ 6.38

​АҚШ Түркияға санкция салмақ

2 214 рет қаралды


АҚШ президенті Дональд Трамп пен Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған. Фото: News Front АҚШ Түркияға санкция салмақ – деп хабарлайды Oxu.az ақпарат көзі. 

АҚШ мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия мәселелері бойынша көмекшісі Уэсс Митчелл журналистер алдында сөйлеген сөзінде: «Егер ресми Анкара Ресейдің С-400 әуе қорғаныс жүйесін сатып алатын болса, онда біз Түркияға санкция салатын боламыз» - деп мәлімдеді. 

Естеріңізге салайық, 2017 жылдың қыркүйек айында Анкара мен Мәскеу жалпы құны 2,5 миллиард долларды құрайтын С-400 әуе қорғаныс жүйесін сату және сатып алуға байланысты құжаттарға қол қойған. 

Түркия билігінің бұл әрекетіне АҚШ қарсы шыққан. Себебі заң бойынша, НАТО-ға мүше елдер бір стандарттағы қару-жарақтарды пайдалануы тиіс. 

Дереккөз: “The Qazaq Times

27 маусым 2018, 10:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.