Атырау, 19 желтоқсан 05:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Төмен байытылған уран банкі қазақстанға не береді?», «Қазақ тілін еркін меңгерген қытайлық жігіт қазақстан туралы ойын айтты», «Сталин Германияны басып алудан неге бас тартты?», «ҰБТ: телефон тәркілеу мен сұрақ тасу».​

2 640 просмотра

365INFO.KZ. «Сталин Германияны басып алудан неге бас тартты?» - 22 маусымда неміс-фашистердің сол тұстағы біртұтас Кеңес еліне тұтқиылдан шабуыл жасап, басып кіргеніне 77 жыл толмақ. Әрине, төрт жылға созылған қанқұйлы соғыс жеңіспен аяқталғаны белгілі. Бұл қанды қасапқа қазақстандықтарда белсене араласты. Елден аттанған 1 миллион 200 мың адамның тең жарымы сол соғыс даласында қаза тапты.

ULT.KZ. «Қазақ тілін еркін меңгерген қытайлық жігіт қазақстан туралы ойын айтты» - Әлемнің он бес тілін еркін меңгерген қытайлық Люй Сяң алғаш шет тілдерін үйренуді қазақ тілінен бастаған екен. Және арнайы курстарға да қатыспай шыңжаңдық достарынан үйреніпті. Тек қазақ тілін ғана емес, сонымен қатар басқа да шет тілдерді өздігімен үйренген Люй тіл үйренудің оңтайлы жолдары және қазақстандықтар жайлы ойларын бөліскен еді.

«Мұра және мұрагерлік» - Ғасырлар бойы халқымыздың көңіліне көрік, жанына жігер, жүрегіне жалын дарытып, арман мен мұратқа, сенім мен үмітке үндеп келе жатқан асыл мұралары – өлеңі мен жыры, әні мен күйі. Оларды ұрпақтан ұрпаққа ұластырушылар: жыраулары мен ақындары, жыршылары мен әншілері, сазгерлері мен күйші орындаушылары.

AIKYN.KZ. «Төмен байытылған уран банкі қазақстанға не береді?» - Өткен жылы 29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күнінде Қазақстан әлемді жаппай қырып-жою қаруынан тазарту идеясының заңды жалғасы – халықаралық төмен байытылған уран банкінің тұсауын кесті. 

AZATTYQ.ORG. «ҰБТ: телефон тәркілеу мен сұрақ тасу»  - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында мектеп бітірушілердің көпшілігі ҰБТ тапсырды. Аудан бойынша жоғары балл 137-ге жетсе, мүлде балл жинай алмағандар да бар. Азаттық тілшісі ҰБТ өткізудің жергілікті сипатына куә болып қайтты.

«Даму ерекшелігі бар балаларды қоғам жатсына ма?» - Астанадағы инклюзивті театрдың алғашқы қойылымы "Джунгли кітабы" деп аталады. Сахнада рольдерді даму ерекшелігі бар балалар сомдайды. "КИТ" инклюзивтік театры ұйымдастырушыларының айтуынша, бұл - Қазақстанда теңдесі жоқ жоба.

 

27 маусым 2018, 10:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.